
"Бала би" бөбекжай-бала бақша"
Мусаева Анар Жаксылыковна
Меңгеруші
Мен, Мусаева Анара Жақсылыққызы, 1968 жылы 1 мамырда Қызылорда облысының Арал қаласында дүниеге келдім.
1985 жылы Ақсукент ауылында №5 Горький атындағы орта мектепті бітірдім.
1985 жылдың қыркүйегінен 1986 жылға дейін Горький атындағы №5 орта мектепте химия зертханашысы болып жұмыс істедім.
1986 жылы Ақтөбе педагогикалық колледжіне бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша оқуға түстім.
1988 жылы колледжді бітіргеннен кейін, Сайрам аудандық білім беру бөлімінің жолдамасымен Самсоновка ауылына бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа жіберілдім.
1990 жылы ОҚҮББИ -да қайта даярлау курстарын аяқтағаннан кейін, М.Горький атындағы №5 орта мектепке орыс тілінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мұғалімі болып ауыстырылдым.
1994 жылы Шымкенттегі №40 орта мектепте орыс тілінде оқытатын сыныптарға қазақ тілі мұғалімі болып жұмыс істедім. Онда қазақ тілі мұғалімі болып жұмыс істей жүріп, «Профессор А. Жүнісбековтің жүйесін қолдана отырып, қазақ тілін оқыту» атты курсты бітірдім.
2000 жылдың қыркүйегінен 2003 жылдың маусымына дейін Оңтүстік Қазақстан университетінің филология факультетінде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқыдым.
2004 жылы Шымкент қ. №73 балабақша- бастауыш мектепке Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып ауыстым. Бұл мектеп оқу бағдарламасына «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу бойынша эксперименталды мектеп болды. Осы жылдар ішінде мектепте қалалық және Республикалық деңгейде көптеген білім беру семинарлары мен конференцияларын өткіздім.
2007 жылы Москва қаласында итальяндық педагогы
М. Монтессоридің әдісі бойынша оқу курстарын аяқтадым.
2008 жылдан бастап "Бала Би" ЖШС Монтессори балабақшасында әдіскер болып жұмыс істедім.
Жұмыс жасау барысында бірнеше рет қалалық, Республикалық деңгейде семинарлар, конференциялар, оқулар өткізілді.
2022 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Бала би» ЖШС Монтессори балабақшасының басшысы болып қызмет атқарудамын.
Мұғалімдік саладағы еңбек жолында бірнеше рет Облыстық білім беру департаментінің грамоталарымен және құрмет грамоталарымен, сондай-ақ Шымкент қалалық білім беру басқармасының алғыс хаттарымен марапатталдым.
Жоғарғы немесе төменгі колонтитулды өңдеу үшін екі рет басыңыз